Ұлы Жеңіс күні қарсаңында №20 қалалық емхана жанындағы қалалық мемлекеттік аурухананың дәрігерлер бригадасы Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне барып невропатолог, ЛОР дәрігері, хирург,кардиолог және офтальмолог сияқты мамандар тексеріп, кеңес берді. Сондай-ақ денсаулықты жақсарту бойынша тиісті процедуралар жүргізіліп, ұсыныстар берілді. Ардагерлерге қамқорлық көрсету – біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Ардагерлерімізге әрдайым лайықты медициналық көмек пен қамқорлық көрсететін боламыз. Отанымызды қорғауға зор үлес қосқан құрметті ардагерлерді әрқашанда бағалаймыз.