Алматы қаласындағы «№20 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК миссиясы — қызметкерлердің кәсібилігі мен зияткерлік әлеуетін ұштастыру, жоғары технологияларды,заманауи жабдықтарды пайдалану және Алматы қаласындағы №20 Қалалық емханада науқастардың болуының барынша қолайлы жағдайларын ұсыну негізінде науқастарға сапалы медициналық қызметтер көрсету арқылы халықтың денсаулығын жақсарту.
Алматы қ. «№20 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК пайымы
Көшбасшылық позицияларға ие болу — сапа менеджменті стандарттарын енгізу және инновациялық медициналық технологияларды дамыту арқылы.
Қол жетімділік пен экономикалық рентабельділікті арттыра отырып, сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін медициналық қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыру.
Негізгі құндылықтар:
— мейірімділік-бәсекеге қабілетті бағамен жоғары сапалы қызмет көрсету үшін әрбір жеке науқастың қажеттіліктерін бағалау;
— құрмет-науқастардың қадір-қасиеті мен жеке басын құрметтеу;
— тұтастық-жарияланған қағидаттар мен жоғары стандарттарды сақтау, науқастармен қарым-қатынаста да, Алматы қ. «№20 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК ұжымы ішінде де сенім мен әдептіліктің жоғары деңгейін көрсету;
— алқалылық-тұрақты интроспекция және ынтымақтастық, сондай-ақ жауапкершілік паритеті мен жұмыс көлемі негізінде сенім жүйесін құру;
— ашықтық-жеке және ұжымдық іс-әрекеттерде адалдық пен әдептілік қағидаттарын сақтау;
— кәсібилік-өзінің барлық үздік білімін, мүмкіндіктері мен тәжірибесін науқас пен Алматы қаласының «№20 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК ұжымының игілігі үшін жоғары нәтижеге қол жеткізуге тұрақты даму және оқыту негізінде бағыттау;
— біздің негізгі міндеттеріміз бен құндылықтарымыз адамдарға және қоғамға қызмет етуге бағытталғанына сенімдіміз;
— біз барлық іс-әрекеттерімізге жауап беретінімізге сенімдіміз;
— біз өз ойларымыздың нақты және тиімді орындалуына, біз қызмет ететін қоғамның игілігі үшін берік және тұрақты ынтымақтастықты дамытуға сенеміз.